#Ақмола
КӨКШЕТАУДА АТА-АНАЛАР АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ

Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-лицейінде ата-аналар жиналысы өтіп, онда мектепте ата-аналар Академиясын ашылуы туралы талқыланды. Іш-шараға «Сенімен Болашақ» РҚБ Ақмола облыстық филиалының басшысы білім мекемесі әкімшілігінің шақыруымен қатысып, бірлестіктің атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты. Сонымен бірге «Ата-аналар академиясы» жобасының аясында бірлесіп атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Ата-аналар академиясын ашудағы мақсат – ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату, үштік одақтың ынтымағын арттыру. Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды білім мекемесі мен бірлестік бірлесіп атқарады.

29.03.2023
#Ақмола
КӨКШЕТАУДА АТА-АНАЛАР АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ