#Қарағанды
ЖАСТАРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ТҮЗЕЛМЕЙ, ЖҰРТ ТҮЗЕЛМЕЙДІ

Қарағанды қаласы Әл-Фараби атындағы гимназиясында бірлестіктің Қарағанды облыстық филиалы жас мамандарға арналған «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт түзелмейді» атты семинар-тренингін өткізді.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет – өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін іс екені сөзсіз. Осы орайда мұғалімдік миссияны атқарып жүрген жас оқытушылар өткен семинардан көп ақпарат пен мағлұмат алды. «Сенімен болашақ» бірлестігінің мақсат-міндеттерімен танысып, үштік одақ аясында жұмыс атқаруға дайын екендіктерін айтып, қолдау білдірді.

10.02.2023
#Қарағанды
ЖАСТАРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ТҮЗЕЛМЕЙ, ЖҰРТ ТҮЗЕЛМЕЙДІ