Қыз баланы тәрбиелеу – тұтас ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөзі бар. Ал бесікті тербетер, дүниеге ұрпақ әкелетін қыз тәрбиесіне тек отбасы емес, бүкіл қоғам атсалысуы қажет. Осы мақсатта қыз баласының тәрбиесі мен тәлімі жайында Тараз қаласының Жамбыл политехникалық колледжінде «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» атты кездесу ұйысдастырылды.
Кездесуге Жамбыл облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері, ақ жаулықты аналар, «Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының психолог маманы қатысып, қыздарға арналған психологиялық терапия жүргізді. Кездесу барысында түрлі ас мәзірлері дайындалды, күй ойналып, әжелеріміз өнегелі өсиеттерін айтып, ұрпақ тәрбиелеу жолындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.