#Жамбыл
ТАРАЗДА БЕС ТОМДЫҚ ТАҢДАМАЛЫ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Таразда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының бес томдық таңдамалы шығармалар жинағының салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Шара Абай облысында табиғат апаты кезінде қаза тапқан азаматтарды бір минуттық еске алумен басталды.    

Шара барысында бірлестіктің Жамбыл облыстық филиалының басшысы Дәурен Орайұлы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының бес томдық шығармалар жинағының алғашқы кітабында өмірбаяндық және әр түрлі тақырыптағы өлеңдері берілгендігін. Одан кейінгі кітаптарында ой-толғаныстары, тұлғалар жыры, аңыз өлеңдер немесе риуаяттары, жетпіс баптан тұратын ғибратнамасы, дастандары, аңыз хикаяттары, айтыстары, арнаулар мен жоқтаулары және мысал өлеңдері енгенін жеткізіп, Жамбыл облысы бойынша 2 жоғарғы оқу орнына, 5 мешіт, 5 кітапхана, 5 мектеп табысталды.

Жамбыл облысы әкімінің ішкі саясат басқармасы басшысының және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ректорының арнайы алғыс хаттары “Сенімен Болашақ” РҚБ құрылтайшысы Асанов Нұркен Жарылқапұлына берілді.

Іс-шараға қатысқан «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры. Филология ғылымдарының доктары Сәмен Оразғалиұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің құрметті профессоры Сәрсекүл Молдабекқызы, Филология және журналистика кафедрасының доценті Темірбай Әліұлына, филология ғылымдарының кандидаты Рахат Махамбетжанқызы және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық инстутының ректоры Марат Асылбекұлы, Мәжһүр Жүсіп Көпейұлы жайында ақпарат беріп, зерттеулерімен бөлісті.

«Сенімен Болашақ» РҚБ мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ортақ мақсаттарды жүзеге асырып нәтижеге қол жеткізу үшін, тараптар өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойса, Т. Рысқұлов ауданынан арнайы шақырылған қонақтарымыз Мырзабек Қарақұлбайұлы, Ғалия Майлыбайқызы және Есенкүл Мұхтарқызы аталған аудандағы “Сенімен Болашақ” РҚБ Жамбыл облыстық филиалының сарапшылар кеңесінің мүшелері болып сайланды.

16.06.2023
#Жамбыл
ТАРАЗДА БЕС ТОМДЫҚ ТАҢДАМАЛЫ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ