Астана қаласы №91 мектеп-гимназиясында ата-аналарды қолдау орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. Аталған іс-шараға «Сенімен Болашақ» РҚБ Астана филиалының басшысы Шерхан Жұмабекұлы эсперт ретінде шақырылды.
Екі бөлімнен тұратын іс-шараның бірінші бөлімінде эсперттер «TALK SHOW» форматында «Біздің балаларымыздың эмоциялары мен сезімдері» тақырыбында балаларды тәрбиелеудегі ата-ана мен мектептің өзара іс-қимылы жөнінде кәсіби пікірлерімен бөлісті. Шерхан Жұмабекұлы өзіне қойылған бірнеше сауалдарға жауап беріп, бірлестіктің жұмыс барысында кездескен оқиғалармен бөлісті.
Екінші бөлімінде қонақтарға мектеп ғимаратынан ашылған ата-аналарды қолдау орталалығы таныстырылды. Мектеп директоры Алмагүл Тлектесқызы орталықтың жұмыс бағыттары мен маңыздылығын түсіндірді.
Іс-шара қонақтарға арналған кофе-брейкпен қорытындыланды.