#Павлодар
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ
8 қараша күні Павлодар қаласының Ж.Ташенов атындағы орта мектебінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық жөнінде профилактикалық түсіндірме» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Маңызы зор тренингке 1-11 сынып оқушыларының 120-ға жуық ата-ана қатысты.
Филиал психологы Жанар Теміржанқызы тұрмыстағы зорлық зомбылық пен репродуктивті тәрбие жөнінде кеңінен түсіндіріп берді. Ата-аналар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, осындай кездесулер жиі болса екен деген ұсыныстарын айтып, жақсы көңіл күймен тарқасты.
08.11.2023
#Павлодар
Поделиться
Ұсынамыз