Бірлестіктің Павлодар облыстық филиалының басшысы Хызыр Жанарыс Ә.Марғұлан атындағы университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Жарқын Русланұлымен, тәрбие және әлеуметтік жұмысы жөніндегі педагогика жоғары мектебінің вице-деканы Жұмабике Жанибекқызымен кездесті.
Кездесуде университетте оқитын студенттердің бүгінгі тәрбиесі, тұлға болып қалыптасуы сынды мәселелер жөнінде сөз қозғады. Алдағы уақытта өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, бірлесіп жұмыс жасауды жоспарлады.
Бірлескен жұмыстың мақсаты - мұғаламдер дайындайтын бұл оқу орнының студенттерін ұлттық құндылық негізінде адамгершілік жолында білім беру. Болашақ ұстаздарды ізгілікке баулу – «Сенімен Болашақ» РҚБ-нің негізгі бағыттарының бірі.
