#Павлодар
«МӘШҺҮР ЖОЛЫ» АУДИО КІТАБЫ КӨПШІЛІККЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Биыл Алаш жұртының әйгілі перзенті, ғұлама ғалым, ақын, фольклоршы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл. Оның еңбектері қазақ руханияты мен мәдениетінің көлдария қазынасы. Бүгінде ғалымның еңбектерін насихаттау жолында еңбек етіп келе жатқан Аспанбек жыраудың «Мәшһүр Жол» атты аудиокітабының тұсаукесері Павлодар қаласында өтті.

Мәшһүр Жүсіптің мерейтойына орай құрастырылған аудиокітап бүгінгі заман талабына сай, құнды дүние. Қазіргі жастар үшін ең тиімді жол.  

Тұсаукесерге  облыс әкімі, басқарма басшылары және Мәшһүр Жүсіптің ұрпақтары, ақын, жазушылар, зиялы қауыммен бірге Аспанбек жыраудың рухани тәлімгер ағасы, демеушісі «Сенімен Болашақ» РҚБ құрылтайшысы Нұркен Асанов қатысты. Бірлестік құрылтайшысы ғалымның еңбектерін тілге тиек ете отырып: «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ руханиятына толықтай анализ жасап, болашақ бағдарын түзіп кетті. Ғұламаның  еңбегін насихаттау, зерделеу жұмыстары ұрпақтарының, яғни біздің еншіміздегі міндет» деді.

03.04.2023
#Павлодар
«МӘШҺҮР ЖОЛЫ» АУДИО КІТАБЫ КӨПШІЛІККЕ ЖОЛ ТАРТТЫ