Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 3-сыныбында білім алатын оқушылардың ата-аналарымен кездесу өтті.
Шараға «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының директоры Хызыр Жанарыс, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Шерхан Жұмабекұлы қатысып, отбасы құндылығы мен бала тәрбиесінде әке рөлінің артуына кедергі болатын негізгі мәселелерге тоқталды.
Кездесу барысында оқушылар ата-аналарымен бірге алдағы көктем айларында еліміздің тарихи жерлеріне саяхатқа шығу жоспарланды. Ана мен әкенің баламен бірге уақыт өткізгені екеуара қарым-қатынасының нығайуына зор септігін тигізетіні анық. Сонымен бірге отбасылық ойындар да ұйымдастыратын болды.