#Қызылорда
БІРЛЕСТІК ЖҰМЫСЫ «КӨЗБЕ-КӨЗ» АЛАҢЫНДА БАЯНДАЛДЫ

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы жергілікті «Қоғам тв» телеарнасының «Көзбе-көз» бағдарламасында сұхбат берді.

«Көзбе-көз» бағдарламасының барысында саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс жасап келе жатқан бірлестіктің құрылу тарихынан бастап, осы күнге дейінгі атқарылған іс-шаралар, семинар-тренингтер, жұмыстар мен жобалар, т.б. туралы ақпараттар берілді.

Филиал басшысы Шәкизат Қаратайұлы 2023 жылы атқарылған және жыл аяғына дейін атқарылатын жұмыстарға ерекше тоқталып, кішігірім талдау жұмыстарын жасады. Әңгіме барысына өзге де мүдделі тараптарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

12.10.2023
#Қызылорда
БІРЛЕСТІК ЖҰМЫСЫ «КӨЗБЕ-КӨЗ» АЛАҢЫНДА БАЯНДАЛДЫ