#Қостанай
ҰЛЫЛЫҚТЫҢ БАСЫНДА ҰСТАЗ ТҰРАР

«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» деген халық даналығында. Расында ұстаз тәлімін алмаған жан жоқ шығар, сірә! Білімді ұрпақ, болашақтың кепілі десек сол ұрпақтың бойына білім нәрін сіңіретін ұстаздар қашанда құрметке лайық. Саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.

Ұстаздар күні мерекесінде бірлестіктің Қостанай облыстық филиалы ҚР Білім беру саласының үздігі, ақын-прозашы, оқытушы Александра Ильинична мен  қоғам қайраткері, ақын Әсия Әйіпқызын ұстаздар мерекесімен құттықтады.  Қос ұстаз бірлестіктің сарапшылық кеңестің құрметті мүшелері.

Филиал басшысы Гүлжан Жақсылыққызы балаға мектеп табалдырығын аттаған соң ақыл, біліммен бірге ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытушы ұстаз екенін айтып, еліміздің болашағын тәрбиелеуде өлшеусіз үлесін қосқаны үшін ризашылығын білдірді.

 

06.10.2023
#Қостанай
ҰЛЫЛЫҚТЫҢ БАСЫНДА ҰСТАЗ ТҰРАР