#Павлодар
БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНДА МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының ұжымы Баянауыл ауданына іс-сапармен барып, аймақ мектептерінің басшыларымен кездесу өткізді.

Бүгінде Баянауыл ауданында  23 білім ошағы бар. Бас қосуға 18 мектептің басшылары қатысты. Сапалы білім мен саналы тәрбие елді еңселі болашаққа бастайды. Сондықтан жас ұрпаққа берілетін білім мен тәрбиенің маңызы жоғары. Оқушыларға білім мен тәрбие беруде мектептердің жай-күйінің де заманауи сұранысқа сай болуы  қажет. Білім ошақтарының басшылары осы тақырыптар төңірегінде пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді. 

04.04.2022
#Павлодар
БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНДА МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ