#Абай
СЕМЕЙДЕ АТА-АНАЛАРҒА ТРЕНИНГ ӨТТІ

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан филиалының директоры Аман Рахметуллин «Зейінді ата-ана» тақырыбында тренинг өткізді.

«Ата-аналар шеберлігі институты» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға Семей қаласының №3 жалпы білім беретін мектебінде оқитын оқушылардың ата-аналары қатысты. Шараның мақсаты – бала тәрбиелеуде ата-аналардың тұлғалық дамуына ықпал ету.

25.03.2022
#Абай
СЕМЕЙДЕ АТА-АНАЛАРҒА ТРЕНИНГ ӨТТІ