#Ауқымды шаралар
НҰРКЕН АСАНОВ «ІЗГІЛІК ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

Халықтың көзайымы емес, адамзаттың, ата-ананың, ұрпағымыздың (альфа ұрпақ α) сөз айыбын тыңдай білу, жан дүниесін үңіле білу, құлақ асу маңызды.  Осы мақсатта саналы ата-анамен бірге  болашақ ұрпағымыздың болмысын және сара жолын зерделеп, нақтылап алайық деген үндеумен жолға шыққан Нұркен Асанов бейсаналы түрде Гуманды педагогикамен айналысып жүргенін кеше Швейцариядағы форумда нақтылады. 
 
«Сенімен Болашақ» РҚБ құрылтайшысы Нұркен Асанов «Гуманды педагогиканың рыцары» атанды. Марапаттау кезінде жүрек пен аққу бейнеленген алтын төсбелгі мен диплом беріледі. 

Бұл марапат Нұркен Жарылқапұлына Швейцарияның Люцерн қаласында өткен «Бірінші еуропалық педагогикалық» форумында ізгілік пен мейірімділік идеяларын таратқаны үшін табысталды. 

«Гуманды педагогиканың рыцары» атағын Халықаралық гуманды педагогика орталығы жанындағы Халықаралық қоғамдық қазылар алқасы құрған. Бұл атақ жыл танымал білім беру қызметкерлеріне, көрнекті ғылым, өнер және қоғам қайраткерлеріне, жаңашыл педагогтарға беріледі.

15.03.2023
#Ауқымды шаралар
НҰРКЕН АСАНОВ «ІЗГІЛІК ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ