#Шымкент
САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНДЕ ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ

Бірлестіктің Шымкент қалалық филиалының ұжымы сарапшылар кеңесімен жиналыс өткізді. Кездесуде қатысушылар бірлестіктің дамуына ұсыныстарын білдіріп, алдағы уақытқа жұмыс жоспарын құрды.

Кеңесшілер «ата-ана–бала–мұғалім» үштігінің ынтымағын арттыруға жұмыс жасауды, педагог мәртебесін арттыру мақсатында ұстаздарға семинарлар өткізу қажеттігін айтты. Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін сезінбеу себебін тереңнен анықтау қажет. Мәселенің тек үстінен қарамай, отбасыдағы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына іштей үңіліп, психологиялық семинарлар өткізуді ұсынды.

Көбіне жасөспірдер үлкендердің ақыл-кеңес айта беруін ұнатпай жатады. Сарапшылардың айтуынша, бұл мәселеде ұтымды шешім табу жолы – қатарластарының  ой-пікірімен бөлісіуі. Бұл әдістің оң нәтиже беру мүмкіндігі жоғары. Осы ретте «Y-PEER» жобасын іске асыруды ұсынды.   

01.02.2023
#Шымкент
САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНДЕ ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ