#Астана
ШЫМКЕНТТЕ ФИЛИАЛ АШЫЛДЫ

Достар, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Мереке аясында біз «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалын аштық. Шымкент – күн сайын қарқынды дамып келе жатқан үлкен қалалардың бірі. Қалалық білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы да осы шараға қатысып, қоғамдық бірлестіктің Шымкент қаласында ашылуы айтулы оқиға екендігін алға тартып, ортақ проблемалар төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Жиында бала тәрбиесі, отбасы құндылықтарына қатысты біраз ойлар айтылып, қаладағы белсенді ата-аналар, мектеп директорлары, мұғалімдер келіп қатысты. Қалғанын суреттер сөйлесін. 

21.03.2022
#Астана
ШЫМКЕНТТЕ ФИЛИАЛ АШЫЛДЫ