#Атырау
БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ ОРЫНДА

«Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қатира Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінде тренинг өтті.

Тренингті Атырау облыстық филиалының басшысы Гульфия Абайқызы жүргізіп, білім мекемесінің ұстаздары мен студенттеріне бала тәрбиесі, бала психологиясы, білімге құштарлығын арттыру жолдарын, пазитивті көзқарас тақырыбында жан-жақты түсіндірді.  

Шара барысында Гульфия Абайқызы қатысушыларға «Сенімен Болашақ» бірлестігінің миссиясы мен атқарып жатқан жұмыстарын таныстырды.

03.05.2022
#Атырау
БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ ОРЫНДА