#Қостанай
ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫ САРЫКӨЛ АУЫЛЫНДА

Бірлестіктің Қостанай облыстық филиалы «Баланың мүддесі үшін мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестігі» тақырыбында Сарыкөл ауданы Сарыкөл мектеп-лицейінің ата-аналарына арнап семинар ұйымдастырды.

Семинар барысында филиал  басшысы Гүлжан Алпысбаева  ата-аналарға бірлестік миссиясын, оның мақсаттары мен міндеттерін, түсіндіріп өтті. Бірлестік психологы Базаркуль Капарқызы қатысушылармен бірге ашық диалог аланың орнатты, толғандыратын сұрақтарына жауап берді. Кейбір ата-аналармен жеке жұмыс жасады.

Балаларды саналы, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие

орындарының бірден-бір парызы, асыл мұраты. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың бас ұстазы – ата-ана. Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ. Бүгінгі таңдағы бала тәрбиесіндегі кездесетін олқылықтардың алдын алу үшін ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар қай кезде де бірлесе отырып жұмыс жасауы керек.

Әрине, отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады. Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Ал, тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс.

 

01.06.2023
#Қостанай
ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫ САРЫКӨЛ АУЫЛЫНДА