БАЛА ТӘРБИЕСІ - ЖАУАПТЫ ІС

Арал қаласында «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ата-ана-ұстаз-оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» атты ата-аналар форумы өтті. Форумға өңірден 300-ге жуық ата-аналар қатысты.

Шара барысында қатысушыларға белгілі психолог Елжас Ертайұлы «Кемел ұрпақ тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі» тақырыбында тренинг өткізді.

Бұдан бөлек Арал қаласының ұстаздарына арнайы тренинг ұйымдастырылып, бала психологиясы, ата-ана мен ұстаз қарым-қатынасы тақырыбында жан-жақты түсінік берілді.

Форумды ұйымдастыруға қолдау білдірген қалалық №220 мектебінің директоры Әліби Әлібаев ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігіне тоқталып, бірлестік ұжымына алғыс білдірді.

22.05.2022
БАЛА ТӘРБИЕСІ - ЖАУАПТЫ ІС