#Павлодар
БАЛАҒА ТИІСТІ УАҚЫТ БӨЛМЕУ – ЖАСӨСПІРІМНІҢ АДАСУЫНА СЕБЕП БОЛАДЫ

Бірлестіктің Паводар облыстық филиалының ұжымы бұған дейін ұлдарға арналған «Мирас» клубымен арнайы жоба негізде жұмыс істесе, енді қыз балаларға арналған «Аққу» клубымен тұрақты жұмыс істеуді бастады.

Бүгінгі қоғамдағы балалар арасында электронды шылым, бір жынысты қарым-қатынасқа еліктеу – өзекті мәселелердің бірі. Басты міндет –  жастарды мұндай жаман әдеттерден жирендіріп, алдын алу.

«Кейбір балалардың ортасында қыз бен ұлдың сезімі болмай барады. Бір жынысты қарым-қатынасты қолдайды. Неге екенін сұрасаң «я так хочу» дейді. Не айтарыңды білмейсің. Мұндай жағдайға ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ. Керісінше, әр бір ата-анаға ескертіп, баласын тұрақты бақылауда ұстауын айтамыз», - деді филиал басшысы Хызыр Жанарыс.

Жастардың бойына адами түсінік пен ұлттық құндылықты сіңіру маңызды. Өкінішке қарай, күнделікті күйбең тірліктің соңында жүрген ата-ананың баласына көңіл бөлуге уақыт таппай жататыны бар. Балаға тиісті уақыт бөлмеу –  жасөспірімнің адасуына себеп болады.  

31.01.2023
#Павлодар
БАЛАҒА ТИІСТІ УАҚЫТ БӨЛМЕУ – ЖАСӨСПІРІМНІҢ АДАСУЫНА СЕБЕП БОЛАДЫ