#Қостанай
БҮГІНГІ ҰРПАҚ – ЕРТЕҢГІ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ

Бірлестіктің Қостанай облыстық филиалы  қаладағы №5 «А» мектеп-гимназиясының ата-аналарына арнап семинар ұйымдастырды. Кездесу тақырыбы «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» болды.

Филиал психологы Базаркуль Капарқызы ата-аналарға семинар уақытында бірлестік миссиясын, оның мақсаттары мен міндеттерін, түсіндіріп өтті.

Бала тәрбиесінде ең маңызды рөл атқаратын әрине ол отбасы екені мәлім. Сәби күнінен ананың әлдиімен ақ бесікте тербетіліп, асыл әженің ертегісін тыңдап тәтті ұйқыға батып өскен әрбір қазақ топырағының перзенті жаман болмайтыны анық. Тәлім-тәрбие беруде салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды пайдалану ең бір оңтайлы тәсіл. Сондықтан әр ата-ана балаға тәрбие берумен қатар сол берілген тәрбиенің ұрпақ болашағы үшін маңызды екенін тексерген жөн.

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да ата-ана, яғни бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы.

Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды.

01.06.2023
#Қостанай
БҮГІНГІ ҰРПАҚ – ЕРТЕҢГІ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ