#Алматы
ӨЗГЕРСЕҢ,  ӘЛЕМІҢ ДЕ ӨЗГЕРЕДІ

«Сенімен Болашақ» РҚБ өз тұғырнамасын Алматы қаласының жұртшылығына таныстыруды  жүйелі жалғастыруда.  Бүгін бірлестіктің Алматы қалалық филиалының ұжымы Ұлжан ықшамауданында орналасқан №165 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілерімен кездесті. «Саналы ата-ана – саналы ұрпақ кепілі» тақырыбында өткен кездесуде филиал басшысының м.у.а. Қуаныш Қуатқызы бірлестіктің мақсат-міндетін, атқарған жобалары мен іс-шараларын таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті.Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімі арқылы өзін жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу – ата-ананың басты парызы екенін кейстар арқылы түсіндірді. Ата-ана баланың бойына алғашқы негіздерді қалыптастыра отырып елдің де болашағын тәрбиелейтіндігін айта келіп, осы жолда ауқымды жұмыстар атқарып жатқан бірлестікпен бірлесе жұмыс істеуге шақырды.  Балабақша тәрбиешілері бірлестік ұстанымын қолдайтынын, алдағы уақытта ауқымды  семинар-тренинтер ұйымдастыруға ниетті екендіктерін білдірді. Кездесу барысында психолог тәрбиешілермен сергіту сәтін өткізіп, психикалық көңіл-күйлерін бір сертпілтті.  Іс-шарадан оң әсер алып тарқасқан тәрбиешілер ата-анамен қарым-қатынас жүгін бірге көтерісетін бірлестіктің жұмысына сәттілік тіледі. 

09.09.2022
#Алматы
ӨЗГЕРСЕҢ,  ӘЛЕМІҢ ДЕ ӨЗГЕРЕДІ