#Павлодар
ӘКЕЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
«Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының ұжымы Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияда білім алатын 7-сынып оқушыларының әкелерімен кездесу өткізді.
Мақсат – әке мен бала арасындағы байланысты нығайту және бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздығын айқындау.
Кездесу барысында әкенің қоғамдағы рөлін, мерейін арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, тәрбиеге қатысты қоғамда орын алып жатқан негізгі мәселелер, балаға әлеуметтік желілердің ықпалы туралы талқылады.
09.02.2022
#Павлодар
Поделиться
Ұсынамыз