#Павлодар
Керекуден ашылған тұңғыш филиал

Достар, сүйінші!

Павлодар қаласында «Сенімен Болашақ» РҚБ филиалы ашылды. Дәстүрлі лента қию рәсімін қоғамдық бірлестіктің негізін қалаушы Нұркен Асанов пен жергілікті ата-аналар Бағұстар Жанғозин және Мейрей Каримов өткізді.

Игі шараға ұстаздар, ата-аналар, отбасы саласындағы психолог мамандар қатысып, өз құттықтауларын білдірді. Бұл бірлестіктің аймақтарда ашылған тұңғыш филиалы.

Оның мақсаты – бүгінгі таңдағы жаһандану үдерісіндегі қоғамда ата-анаға бала тәрбиесінің маңыздылығын түсіндіру, демеу білдіру. Павлодар тұрғындары үшін есігіміз әрдайым ашық!

 

19.11.2021
#Павлодар
Керекуден ашылған тұңғыш филиал