«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының психологы Жұмакүл Тасболатқызы «Қоғам тв» телеарнасындағы «Жастар және...» бағдарламасында қонақта болды.
Эфир барысында әріптесіміз бала тәрбиесіне байланысты мәселелердің туындауының басты себептерінің бірі – баланы проблема ретінде көруімізде екенін айтты. Ата-аналармен сөйлесе кетсеңіз, бірден «проблемаларын» тізіп айта бастайды. Мысалы, бала айтқанымды тыңдамайды, айтқанынан қайтпайтын қырсық, бір орында отыра алмайтын мазасыз, т.б. секілді дүниелерді тізбектеп, бүкіл жауапкершілікті баланың мойына артып қоятынын жеткізді.
Әрбір ата-ана «бала – проблема емес» деген ұғымды санасына сіңіріп, жан-тәнімен сезінуі және қабылдауы керек және есінен шығармай, әрқашан жадында сақтаса, бала тәрбиесіне қатысты көптеген проблемалар басталмай жатып-ақ өздігінен шешілетіндігін жеткізді.