Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Жалпы адамзаттың жақсылығына сену - адамгершіліктің ең биік белгісі» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.
Кездесуге жоғарғы оқу орнының шақыртуымен бірлестіктің өңірлік филиалының басшысы Жанат Мұхамеджанов пен «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбайда қатысты.
Университеттің аға оқытушысы Жазира Көкбасқызы іс-шараны бастап берді. «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің қоғамдағы маңызы туралы айта келіп сөз кезегін Жанат Мұхамеджановқа берді. Филиал басшысы студентерге бірлестіктің миссиясымен және атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Алаш арысы, түркі әлеміне мәшһүр ақын Мағжанның «Педагогика» кітабымен таныстырып, оның қазіргі қазақ қоғамына, әсіресе, ұрпағына халықтық саналы тәрбие берем деген әрбір адамға қажет екенін атап өтті. Бүгінгі студент, болашақ мұғалімдер «Педагогика» оқулығымен жақсы таныс болуы қажет екендігін, ондағы құндылықтарды бойларына сіңіру қажеттігіне тоқталды.