#Қостанай
ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ МЕКТЕБІ

Бірлестіктің Қостанай облыстық филиалы Рудный қаласындағы Д.Карбышев атындағы №14 жалпы мектебінің ата-аналарына  арналған жалпы мектепшілік семинар өткізді. Семинар «Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі отбасының рөлі» тақырыбына арналды.
Бірлестік мақсат-міндеті  таныстырылған соң психолог Базаркүл Қапарқызы ата-аналармен ашық диалог орната отырып, тақырыпты түсіндіріп берді.   «Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени-әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Ересектердің тәжірибесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі», - психологтың сөзін құптаған ата-аналар сұрақтарын қойып,  пікірлерін білдірді. Осындай игілікті бастаманы алып жүрген бірлестікке сәттілік тіледі.

03.02.2023
#Қостанай
ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ МЕКТЕБІ