#Батыс Қазақстан облысы
ЖАНҰЯ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Бүгінгі жаһандану дәуірінде жас ұрпақ тәрбиесі – ең өзекті мәселердің біріне айналып отыр.  Осы мәселенің  шешілу жолын талқылайтын жиын Орал қаласындағы №41 мектеп-лицейде «Жанұя құндылығы» деген тақырыппен өтті. Оған  Бірлестіктің Батыс Қазақстан облыстық филиалы  да қатысты. Бірлестік психологы Құралай Шаймұратова  «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында тренинг өткізіп, ата-аналарға  жасөспірім кезеңіндегі баланың мінез-құлқы туралы түсіндіріп берді.   Кездесуде білім беру мекемесінің басшысы міндетін атқарушы Иманиязова Гүлдана бүгінгі бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді айта келіп, соны шешуге ықпалдасып жүрген бірлестікке алғысын білдірді.  Ата-аналармен кездесу барысында бірлестіктің миссиясы, жұмыс бағыттары таныстырылып, қатысушылар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берілді.

03.02.2023
#Батыс Қазақстан облысы
ЖАНҰЯ ҚҰНДЫЛЫҒЫ