Дүйсенбі, 20 наурыз күні бірлестіктің Батыс Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлері Орал қаласындағы Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы кешен «мектеп-интернат-колледжінің ұжымымен кездесті.
Кездесу басталмас бұрын білім мекемесінің директоры Ғұбаш Нұхқалиұлы бірлестік қызметкерлерін кешеннің тыныс-тіршілігімен таныстырып шықты.
Кездесуде филиал қызметкерлері отбасының қоғамдағы рөлін арттыру, ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау бағытында ой бөлісіп, «Отбасындағы құндылық» туралы фильм көрсете отырып, талдап шықты.
Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің мақсат-міндеттері мен жұмыс бағыттары туралы таныстырылым жасалып, ата-ана мен бала арасында үйлесімді қарым-қатынасты орнату туралы ой салды.