Қызылорда «Сенімен болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы мен «125 high school» мектебі арасында өзара ынтымақтастық пен іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа филиал басшысы Шәкизат Қаратайұлы мен мектеп директоры Нұрдаулет Жаңабекұлы қол қойды. Мақсат – келешек үшін бірлескен нәтижелі жұмыстарды бірлесіп атқару.
Ата-аналармен кездесуді мектеп директоры Нұрдаулет Жаңабекұлы бастап сөз сөйледі. Қатысушыларға шараның мән-мазмұнын жеткізді. Бала тәрбиесі үшін бірлесе әрекет етіп, нақты іске көшетін уақыттың жеткенін алға тартып, сол жолда жемісті еңбек етіп жүрген бірлестік өкілдеріне алғысын айтып, сәттілік тіледі.
Өз кезегінде филиал басшысы Шәкизат Қаратайұлы ата-аналарға бірлестікті таныстырып, басты миссия қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру екенін айтып өтті.