#Алматы
АТА-АНАНЫҢ ЖЕТКІНШЕКТІ ТҮСІНБЕУІ СЕРГЕЛДЕҢГЕ АПАРАДЫ

Өміріміздің ең мәнді өзегі – тұлғалық қасиеттерді бойына сіңірген  парасатты перзент тәрбиелеу.  Бұл әрбір ата-ананың басты мақсаты болса керек. Ол үшін ата-ана саналылыққа қадам басып, бала табиғатын тану, қабілетін ашу, ерекшелігін байқау сынды игілікті әрекеттер жасауы қажет.  Міне, сонда ғана елдің ертеңі болатын толыққанды ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осы жолда нәтижелі жұмыс жасап, ата-аналарды саналылыққа тәрбиелеп  жатқан «Сенімен Болашақ» РҚБ Алматы қалалық филиалы АТҚжИТ колледжінің шақыртуымен ата-аналар жиналысына қатысты.

101 және 103 топ ата-аналарын  колледж құрылтайшысы Ч.Жұманбайұлы мен топ жетекшілері Гауһар Сапарғалиқызы, Разия Жакудаева негізгі мәселелермен таныстырған соң филиал психологы Қуаныш Қуатқызы сөз алып, бірлестік жайлы айтып өтті. Негізгі жұмыс бағыттары мен мақсат-міндетін таныстырып, ата-аналардың  студенттік өмірге қадам басқан балаларымен қалай қарым-қатынас жасау керектігін талқылап берді. «Жеткіншек жаста бала «балалық шақтан» арылады, яғни олар осы сәтте өздерін  ата-анамен тепе-тең қарым-қатынасқа түсе алатындай сезінеді. Бұл жас дағдарыс және конфликтті болып өтеді. Осы сәтте кейбір мәселелер төңірегінде ата-анамен конфликтқа түсуі мүмкін. Бала осы жаста дөрекі, қатыгез, өз ата-аналарын және басқа да үлкендерді сынайтын да болып кетеді. Сондықтан ата-ана көп жағдайда қарым-қатынасты жақсарту үшін бірінші болып қадам жасауы керек. Кез келген мәселені ашық талқылап, баланың ой-пікірін біліп отыруы керек», - деген спикердің лекциясын жиналғандар тұщына тыңдады. Сұрақтарын қойып, өз пікірлерін де білдірді.  Баламен туындаған мәселелерді бірге шешу – бақытқа бастар жол екенін түсініп тарасты. 
 

29.09.2022
#Алматы
АТА-АНАНЫҢ ЖЕТКІНШЕКТІ ТҮСІНБЕУІ СЕРГЕЛДЕҢГЕ АПАРАДЫ