#Астана
СЕНІМЕН БОЛАШАҚТА НҰРША ОРАЗАХЫНОВА ҚОНАҚТА БОЛДЫ

«Сенімен Болашақ» РҚБ-нің бас ғимаратында педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы Нұрша Алжанбайқызы Оразахынова қонақта болды.
Кездесуде Нұрша Алжанбайқызы ата-аналарға арналған бірқатар жобасымен таныстырды. Бірлестік төрағасы Рақымбек Жолаев ұсынған жобаны талқылап, жоба нәтижелері оң бағаланса бірлесе жұмыс жасауды қолдады.
Айта кетейік, Нұрша Оразахынова ұзақ жылдар бойы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын зерттеп, сатылай оқытудың ерекшелігі мен берер пайдасын түсіндіріп жүрген білікті маман. Ол ұсынған оқыту технологиялары рухы биік, тілдік дағдыны еркін меңгерген, ұлт қазынасын сақтай алатын тұлға тәрбиелеуде маңызды орын алады.

23.06.2022
#Астана
СЕНІМЕН БОЛАШАҚТА НҰРША ОРАЗАХЫНОВА ҚОНАҚТА БОЛДЫ