#Қызылорда
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ БЕКІТІЛДІ

Қызылорда қаласының Тасбөгет кентінде орналасқан қалалық оқушылар мен жасөспірімдер үйінде «Табысты үштік: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» атты мазмұнды іс-шара болып өтті.

Жиынды аталмыш мекеме директоры Гаухар Утаралиевна жүргізіп, қатысушыларға шараның мән-мазмұнын жеткізді.

Өз кезегінде бірлестіктің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы «Сенімен Болашақ» РҚБ-ін таныстыра отырып, орындалған нәтижелі жұмыстарға шолу жасап, миссия қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру екенін айтып өтті.

Келешек үшін бірлескен нәтижелі жұмыстарды бірге атқаруды мақсат тұтқан екі тарап ресми түрде ынтымақтастық меморандумын бекітті.

Сондай-ақ бірлестік психологі Сымбат Нұртазақызы қатысушыларға ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, қарым-қатынастың педагогикалық әдіс-тәсілдерін түрлі форматтағы тимбилдинг ойындар арқылы практикалық жұмыстармен көрсетті.

 

22.09.2023
#Қызылорда
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ БЕКІТІЛДІ