3 ақпан күні «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының ұжымы Т.Рысқұлов ауданына барды. Мақсат – бала тәрбиесінде ата-аналарға педагогикалық-психологиялық тұрғыда қолдау білдіруде ауыл-аймақтарға басымдық беру.
Іс-сапарда Жамбыл облыстық филиалының басшысы Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімінің басшысы Майра Айдарбекқызының қабылдауында болды. Кездесу барысында Мақсат Тауыпалдыұлы бірлестіктің алға қойған жоспарлары туралы баяндады. Білім бөлімінің басшысы ұлт болашағы үшін еңбектеніп жүрген бірлестіктің маңыздылығын атап өтіп, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөліне тоқталды.
Кездесуде аудандағы жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары, ата-аналарының қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлады.