#Павлодар
ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ АЙНАГҮЛ СӘРСЕМБАЕВА БІРЛЕСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар қаласындағы филиалына қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айнагүл Сәрсембаева келіп, бірлестіктің жұмысымен танысты.  Жақында ашылған филиалға арнайы келген бөлім басшысына бірлестіктің мүшелері мақсат пен алға қойған жоспарлары туралы бөлісті.

Кездесуге қоғамдық бірлестіктің өкілдерімен бірге ата-аналар да қатысты. Бөлім басшысы ата-аналармен тілдесіп, азаматтардың ой-пікірлерін білді. Кездесу барысында бала тәрбиесіне қатысты мәселелер көтерілді. Ел игілігі үшін ашылған мекеме жұмысына ата-аналар ризашылықтарын жеткізіп, алғыстарын білдірді.

Айнагүл Болатқызы ата-ана үшін үйінің берекесін кіргізіп, ынтымағын сақтау, мейір-шапағатын төгіп, жылылықты қамтамасыз ету – тәрбиенің басы екенін айта отырып, кемел ұрпақ қалыптастыруда бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

03.12.2021
#Павлодар
ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ АЙНАГҮЛ СӘРСЕМБАЕВА БІРЛЕСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ