Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, оны ұрпақ санасында қалыптастыратын ардақты әкелер мен аяулы аналар.
«Сенімен Болашақ» РҚБ Қостанай облыстық филиалы Ы. Алтынсарин атындағы облыстық мемориалды мұражайының қызметкерлеріне арнап семинар өткізді.
Психолог Базаркуль Капарқызы қызметкерлердің толғандыратын сұрақтарына жауап берді, ашық диалог орнатты.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-анаңның алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Бала үшін бас ұстаз – ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу аса жауапты іс. Бала табиғатын тану, оны түсіну, жөнімен еркелету, шынайы қарым-қатынас құру, оның бойындағы бар ерекшелікті көре біліп, қабілетін дамыту, бағдарлау, ынталандыру – ұрпағының ертеңі үшін алаңдайтын парасатты ата-ананың игілікті әрекеті. Өміріміздің ең мәнді өзегі – тұлғалық тұрғыда толық қалыптасқан парасатты перзент тәрбиелеу. Саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін саналы ата-ана болуымыз керек. Ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелеп, баларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық.