#Астана
САНАЛЫ АТА-АНА БОЛУ ӨНЕРІ
Нұр-Сұлтан қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы 48 мектеп-лицейінде семинар-тренинг ұйымдастырылды. Тренингке 200-ге жуық ата-ана қатысты.
Білім ошағының ата-аналар комитетіне арналған шараның тықырыбы «Саналы ата-ана болу өнері» деп аталды. Тренингті белгілі психолог Ержан Мырзабай жүргізіп, қатысушыларға бала тәрбиесі, буллинг, кибербуллинг тақырыбын жан-жақты түсіндірді.
Семинардың ашылуында мектеп басшысы Зауре Садықова сөз сөйлеп, ата-аналарға пайдасы мол семинар-тренингтер ұйымдастырған «Сенімен Болашақ» РҚБ-не алғысын білдірді.
21.05.2022
#Астана
Поделиться