#Павлодар
ҚАРАҚАЛА АУЫЛЫНА САПАР

Бірлестік төрағасының орынбасары Зәуре Жақанқызы Павлодарға жұмыс сапары барысында өңірдегі Қарақала ауылына да барып, ата-аналармен жүздесті.  Аққулы ауданына қарасты ауыл тұрғындары бірлестіктің миссиясымен танысып, бала тәрбиесінде ата-ана жауапкершілігінің маңызын түсінді.

Саналы өмірін ұрпаққа білім беруге арнаған Зауре Садықова қатысушыларға өз тәжірибесімен бөлісіп, кеңес берді. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі басты рөліне тоқталды. Бүгінгі кішкентай бүлдіршін – ұлтымыздың болашағы. Оны тұлға қылып қалыптастыру ата-ананың басты парызы әрі міндеті.

Кездесу соңында ата-аналар көкейдегі сұрақтарын қойды.  

09.02.2023
#Павлодар
ҚАРАҚАЛА АУЫЛЫНА САПАР