#Төраға
«СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РҚБ-НЫҢ ТӨРАҒАСЫ РАҚЫМБЕК ҚУАТБЕКҰЛЫ АҚТАУДА ӨТКЕН АТА-АНАЛАР ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Ақтау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты қалалық ата-аналар форумына «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рақымбек Қуатбекұлы Жолаев спикер ретінде қатысты.

Ақтау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада Рақымбек Қуатбекұлы «Саналы ата-аналық мәдениет қалыптастыру» тақырыбында сөз сөйлеп, бірлестіктің мақсаты мен алға қойған жоспарлары туралы бөлісті.

«Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы елімізде отбасы құндылығы, тәрбие, ана мен бала денсаулығы, әлеуметтік жағдайы мен қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі шешілуі тиіс өзекті проблемалар екеніне тоқталды. «Жаңа Қазақстанда бала тәрбиесінде ата-аналардың жауапкершілігін нығайта отырып, ата-ана мәдениетін жасақтап, жүйелі жұмыс жасау маңызды. Бірлестік арқылы білім ошақтарының сапасын арттырып, педагогтар мен ата-аналарға қолдау көрсету, қабылданған реформалардың тиімділігі мен кемшіл тұстарын талқылап, ұтымды ойларымыз бен ұсыныстарымызды құзырлы органдарға жеткізуді мақсат етіп отырмыз», - деп атап өтті.

Шара барысында ата-аналармен пікір алмасылып, кері байланыс жасалды. Қатысушылар ел игілігі үшін ашылған бірлестіктің қоғамға тигізер пайдасы мол боларына сенім білдірді.

18.02.2022
#Төраға
«СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РҚБ-НЫҢ ТӨРАҒАСЫ РАҚЫМБЕК ҚУАТБЕКҰЛЫ АҚТАУДА ӨТКЕН АТА-АНАЛАР ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ