#Қызылорда
БІРЛЕСТІК ЖАҢА ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРДЫ

Қызылорда қаласында «Сенімен Болашақтың» РҚБ жаңа жобасы іске асты. Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатында қолға алынған жобаның атауы – «Тазалық – өмір айнасы» деп аталады.

Бұл жоба ата-аналардың сұранысынан туған. Бірлестіктің өңірдегі филиалының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында өткен 20 семинардың қорытындысы бойынша ата-аналарды толғандыратын сұрақтар топтамасы жасалған. Соның ішінде «Баламен жыныстық тәрбие туралы қалай сөйлескен жөн?» деген сұрақ жиі қойылған екен.

Пилотты жобаның таныстырылымы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде өтті. Аталмыш жоба Қызылорда облыстық білім басқармасы мен «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің бірлескен жоспары аясында іске асырылмақ.

М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі, Қызылорда медицина жоғары колледжі, Болашақ университетінің жоғары колледжі мен бірлестік арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

25.04.2023
#Қызылорда
БІРЛЕСТІК ЖАҢА ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРДЫ