Буллинг пен кибербуллингті мектеп деңгейінде төмендету үшін ата-аналармен кездесу өкізіп, оларға психологиялық-педагогикалық тұрғыда көмек берудің маңызы зор. Осы мақсатта «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалы аймақтағы аудандарға барып, семинар-тренинг өткізді.
Шиелі кентінің №46 орта мектебінде «Буллинг пен Кибербуллинг» тақырыбында тренинг ұйымдастырылып, оған 200 ата-ана мен педагог қатысты. Тренингті «Сенімен Болашақ» РҚБ Түркістан облыстық филиалының басшысы, психолог Ақбаян Жақыпова өткізіп, қатысушыларға бала тәрбиесінде ата-ана жауапкершілігін арттыру, бала құқығы мен қауіпсіздігі туралы жан-жақты түсіндірді.
Филиал басшысы Ғалымжан Сәулебек шараның өтуіне атсалысқан аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы Алтын Керімоваға бірлестік атынан алғыс хатпен марапаттады.
