#Қызылорда
БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ БЕС БАҒЫТ АЙҚЫНДАЛДЫ

Қызылорда  «Бала тәрбиесіндегі мұғалім мен ата-ананың бірлескен ісінің үлгісі» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Оған қала мектептерінің тәрбие орынбасарларымен бірге бірлестіктің Қызылорда филиалы да қатысты. Сессия барысында бала өмірінде кездесетін мәселелер талқыланып, туындау себептері айтылып, шешу жолдары сөз болды.  Қатысушылар шешу жолындағы  бірқатар ұсыныстарымен бөлісіп, оның бес бағыты айқындады.   Ішіне ата-анамен тығыз қарым-қатынас, «Ата-ана-мектеп-қоғам» үштігінде жұмыс жасау, сала мамандарының білімі мен біліктілігін арттыру, балалардың құқығын қорғау және жауапкершілігін арттыру, психологиялық кеңестер беру, қолдау, гаджеттен алыстату, әлеуметтік желілерге сүзгі болу мәселелері енді. 
Стратегиялық сессияда қала мектептері «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдірді.

03.02.2023
#Қызылорда
БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ БЕС БАҒЫТ АЙҚЫНДАЛДЫ