8 қараша күні Қызылорда облысының Шиелі ауданы әкімдігінің сұранысы бойынша кенттегі №46, №45, №48, №270, №41, №40, №141 мектептерінің оқушыларымен бала тәрбиесі, бала психологиясы тақырыптары бойынша кездесу өткізілді.
Кездесуде бірлестік психологы Сымбат Нұртазақызы қатысушыларға қоғамда кең тарап, жастарға қасірет алып келуші лудомания, ойынқұмарлық мәселелері туралы түсіндірді. Тәуелділіктің түп тамыры анамен эмоционалды байланыста, жақындық немесе шектен тыс суықтықтан, созылмалы стресстен бастау алады. Мысалы кейінгі кездерде балалар арасында орын алып жүрген созылмалы буллингтің салдары кейін қоғамда лудоман адамды қалыптастыратынын айтты.
Онан соң сала мамандары арнайы сөз сөйлеп, өңірде тәжірибелерінде кездесіп отырған мәселелері, атқарған жұмыстары жөніндегі ақпараттармен бөлісті.