#Қызылорда
БІРЛЕСТІК ПСИХОЛОГЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылорда облысына іс-сапармен барды.

Іс-сапар барысында мемлекет басшысы бірнеше әлеуметтік нысандарды аралады. Оның ішінде «Анаға тағзым» орталығының жұмысымен танысты.

Президент орталық жұмысымен танысу барысында аймақ психологтарымен кездесті. Кездесуге «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің психологы Сымбат Нұртазақызы қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Қоғамда отбасы құндылықтарын сақтау маңызды, бұл жұмыстар да психолог мамандардың рөлі ерекше», - деді.

11.10.2023
#Қызылорда
БІРЛЕСТІК ПСИХОЛОГЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ