Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен аймақтағы Әли Мүсілімұлы атындағы №101 орта мектеп-лицейінің 1-ші сынып оқушыларына және олардың ата-аналарына ерекше форматтағы семинар-тренинг өткізілді.
Филиал басшысы Шәкизат Қаратайұлы қатысушыларға бірлестікті таныстыра отырып, орындалған нәтижелі жұмыстарға шолу жасап, басты миссия қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру екенін айтып өтті.
Семинар-тренингте бірлестік психологтары Сымбат Нұртазақызы мен Жұмакүл Тасболатқызы мектеп табалдырығын аттаған балалар үшін адаптациялық кезеңнің маңыздылығына тоқталып, әрі ол кезең баланың бойында жеңіл өтуі үшін түрлі форматтағы практикалық жаттығуларды жүргізді.
Сонымен қатар қатысушылармен кері байланыс жасалынып, ата-аналардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Айта кетейік, осындай ерекше форматтағы шаралар алдағы уақытта өңірдегі өзге де мектептерде өткізіліп тұратын болады.