#Қызылорда
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ МЕКЕМЕСІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Өңірлік коммуникациялар қызметі мекемесінің ұжымымен кездесу өтті.

Тренинг барысында қатысушыларға саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, ата-ана мен бала қарым-қатынасы, бала психологиясы, психологиялық-педагогикалық дағдылар туралы ақпараттар беріліп, тақырыптық топтық және жұптық тапсырмалар орындалды.

Психолог тарапынан «Қауіпсіз балалық шақ» атты балалар арасындағы буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылық және ерте жүктіліктің алдын алу бағытындағы ақпараттық кеңестер берілді.

Қатысушылар тренингке белсенді қатысып отырды. Әр тәжірибе сайын өздерінің пікірлерін ортаға салып, балаларының бойында болып жатқан құбылыстар жайлы кеңестер сұрады. Әрбір қатысушы баламен қарым-қатынастың үлкен рөлге ие екенін, олармен әркез дұрыс байланыс орнату қажет екенін ұғынды.

Филиалының психологы Жұмакүл Тасболатқызы тренингке қатысушыларға бірлестік туралы толық ақпарат беріп, алдағы атқаратын жұмыс жоспарымен таныстырып, бірлестіктің мақсаты мен міндетін айтып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды. 

13.10.2023
#Қызылорда
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ МЕКЕМЕСІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ