Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау бойынша Қызылорда өңірлік кеңесінің кезекті отырысына филиал басшысы Шәкизат Қаратайұлы спикер ретінде қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті жолдауының орындалу міндеттері, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету және олардың лайықты тұруы мен оқуы үшін жағдай жасау туралы қаралып, талқыланды.
Кеңестің мүшелері, мәслихат депутаттары, оқу орны басшылары қатысқан жиында филиал басшысы, аталмыш кеңестің мүшесі Шәкизат Қаратайұлы сөз алып, оқу орындарында ата-аналармен көбірек жұмыс жасалу керектігін жеткізіп, жастар арасындағы қауіпті дүниелердің алдын алу үшін олармен жүргізілетін семинарлар-вебинарларды бірлесе атқаруға шақырды.
Кеңес отырысына қатысушылар күн тәртібінде қаралған мәселер бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты.