#Қызылорда
ҚҰМАР ОЙЫН ҚҰРДЫМҒА ҚҰЛАТАДЫ

Бірлестіктің Қызылорда облыстық филиалының психологы Жұмакүл Тасболатқызы облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Қауіпсіз орта – қауіпсіз болашақ» акциясына спикер ретінде қатысты.

Шара барысында жастар мен жасөспірімдер арасында тәуелділіктің қоғамда кең тарап жастарға қасірет алып келуші лудомания мен ойынқұмарлық мәселелері туралы сөз қозғалды.

Сала мамандары арнайы сөз сөйлеп, өңірде тәжірибелерінде кездесіп отырған мәселелері, атқарған жұмыстары  жөніндегі ақпараттармен бөлісті.

БІс-шара барысында бірлестік психологы Жұмакүл Тасболатқызы сөз сөйлеп, баланың анасымен эмоционалды тұрғыда байланысы, жақындық немесе шектен тыс суықтық, созылмалы стресс тәуелділіктің түп тамыры екенін айтты. Мысалы кейінгі кездерде балалар арасында орын алатын созылмалы буллингтің салдары лудоман адамды қалыптастырады.

 

29.09.2023
#Қызылорда
ҚҰМАР ОЙЫН ҚҰРДЫМҒА ҚҰЛАТАДЫ