#Қарағанды
ҰРПАҚ САУЛЫҒЫ - ҰЛТ САУЛЫҒЫ

Ұлт болашағы ұрпақ қолында екенін ескерсек,  олардың салауатты өмір салтын ұстануы басты алғышартымыз.  

Хакім Абай өз еңбектерінде  ұрпақ тәрбиесіне байланысты "дені сау адамның іс-әрекет нәтижелері, жалпы қауымның игілігіне айналады" деп тұжырымдайды.

Бүгін қоғамның назарын салауатты өмір салтын ұстануға аудару және спорттың маңыздылығын насихаттау,  ата-ана мен бала арасындағы сенімділікті,  топтық жұмыста  бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында "Сенімен Болашақ" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы мен "Шаңырақ" көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының бірлескен "Әкем, анам және мен, спортшымыз әулетпен"  атты сайысы өтті.  Шара еліміздің Конституция күніне орай ұйымдастырылып,  арнайы іріктелген 5 отбасы қатысты.

Жарыста әкелердің ерекше дайындығын байқадық,  ұл-қыздарына сенім артқан аналарды көрдік.  Әр бала бойындағы достық ықылас,  жеңіске деген ұмтылыс ерекше әсер етті.

Атап кетейін,  спорттық сайыс "Кидс атлетикс" халықаралық бағдарламасы бойынша өтті. 
"Сенімен Болашақ" ұйымының атынан  үш жүлделі орынды төрешінің шығарған нәтижесі бойынша отбасылар өзара бөлісті.  Бұған қоса,  ынталандыру сыйлықтары болды. 

24.08.2022
#Қарағанды
ҰРПАҚ САУЛЫҒЫ - ҰЛТ САУЛЫҒЫ