#Қызылорда
САРАПШЫЛАР НЕГІЗІ ҮШ МӘСЕЛЕНІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Қызылордада «Сенімен Болашақ» РҚБ өңір филиалы сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Жиын барысында сарапшылар өңірдегі мәселелерді  қозғап, пікір алмасты. Бірлесіп жұмыс жасау мақсатында әр сала мамандары өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді.

Кеңес отырысында өңірдегі шешуді қажет ететін негізгі 3 мәселе қамтылды. Біріншісі, ата-аналардың баласының тәрбиесіне қатысты жиындарға қатыспауы және оның ішінде әкелер белсенділігінің төмендігі; Екіншісі, қоғамдағы ересектер мен балалардың гаджетке тәуелділігі; Үшіншісі, жастар арасында  жыныстық сауаттылықты арттыру, ерте жүкітіліктің алдын алу.

Көтерілген мәселелерді шешу жолында сарапшылар өз ұнысыстарын білдірді. Мәселен, мемлекет тарапынан аналар өмірін жеңілдетуге бағытталған бағдарларды өңір аналарына таныстыру; Ұлттық тәрбиені өскелең ұрпақ бойына сіңіруге бағытталған шаралардың, жобалардың қабылдануы және жүзеге асыру; Өңірде әке статусының құндылығын өсіру үшін мекеме тарапынан қойылатын ішкі тәртіп ережесіне, әкелердің баласына қатысты жиындарда қатысуын  міндеттеу туралы ережелер ендіру;  Сананы тұрмыс билеген заманда,өңірдегі Бастау кәсіпкерлікті дамыту бөлімі мамандарымен біріккен  жұмыстардың болуы.

29.03.2023
#Қызылорда
САРАПШЫЛАР НЕГІЗІ ҮШ МӘСЕЛЕНІ ТАЛҚЫЛАДЫ